Ғалымдар бедеулік ауруын тудыратын супербактерияны анықтады

0
2

Британиялық сексуалды денсаулық және ВИЧ қауымдастығының зерттеушілері қаупі жоғары Mycoplasma genitalium (M. genitalium) атты супербактерияны анықтады. Ол он жыл бойы кез келген антибиотикке төтеп беріп, бедеулік ауруын тудырады, деп хабарлайды Baq.kz ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz
Зерттеу қорытындысы аталған қауымдастықтың сайтында жарияланған.

Ғалымдардың айтуынша, бактерия несеп шығару және репродуктивті денсаулық жүйесінде мекендейді. Ол адамға жыныстық қатынас кезінде жұғады. Бактерия несеп жолы, жатыр, жатыр түтігінде қабыну туғызып, салдарынан адам бедеулік ауруына шалдығуы мүмкін.

M. genitalium бактериясы тудыратын ауруды өзге бактерия инфекцияларымен шатастырып алуға болады.

Сондай-ақ, аталған бактерия дәрілерге төзімді болып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ