Ғалымдар пәтердегі ең лас орынды атады

0
2
Пәтердегі ең қауіпті жер — ас үй раковинасы. Оның жақтаулары да қауіпті ауру таратушы. Жалпы, ас үй — бұл қауіпті микроорганизмдердің ошағы.

«Раковинада адамдар шикі етті немесе құс етін жуады. Содан кейін қауіпті микроорганизмдер асүйге таралады», — дейді Аризона университетінің қоғамдық денсаулық сақтау профессоры Чарльз Герб.

Раковина үстелдері, ыдыс жуатын шүберектер мен сүлгілер — ас үйдегі ең лас заттар дейді ғалымдар. Олар кесу тақтасында дәретханаға қарағанда микробтардың көбірек екенін айтты. Жақында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері осыны көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ