Ғашықтар күні: Талдықорғанда махаббат орындығы орнатылды

0
9

Бүгін, яғни, 15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күні. Қазақстанда тойланатын Ғашықтар күніне орай Талдықорған қаласында «Менің отбасым» атты кіші архитектуралық форма орнатылды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Жаңа нысанның мағынасы терең. Мұнда бейнеленген ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Архитектуралық нысанда бұдан бөлек, шаңырақ, ата-ана, жүрек, Жетісу мен Эйфель мұнаралары бейнеленген.

Жаңа нысан Алматы облыстық Журналистер үйінің ауласында орнатылған. Қол ұстасқан ғашықтарға, ерлі-зайыптыларға естелік суретке түсу үшін таптырмас орынның бірі саналады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ