Құрылыс басқармасының басшысы Жамбыл ауданына іссапармен келді (фото)

0
7

8 маусым күні ауданға облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тәкенов Болат Долдаұлы атбасын бұрды. Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы аудан әкімі Бағдат Әлиев бастаған топпен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, қазіргі кездегі жай — күйімен танысты деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

Бұл ақпарат аудандық әкімдіктің Facebook желісіндегі ресми аккаунтында жазылды.

Атап айтсақ, аудан аумағындағы 100 орындық перзентхана мен Ұзынағаш ауылындағы (100 га) «МРО» ықшам ауданының жеке меншіктегі тұрғын үйлер құрылысының инженерлік-коммуникациялық желілерін дамыту және жайластыру» жұмыстары.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

Аудан әкімі Бағдат Әлиев өз сөзінде атаулы нысандар өз кезегінде ауданның инфрақұрылымының дамуына айтарлықтай үлес қосып, аудан халқына жақсы жағдай жасауға арналған түбегейлі түрткі болатындығына сенімін білдіріп, мердігер ұйымдардың жұмысына оң бағасын берді.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы
Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ