Қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамы

0
4

«Қазгидромет» РМК қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ustinka.kz

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 16-сы күні Кар теңізінің аймағынан жылжыған циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Қазақстаның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың бірқатар аумағында тұман түссе, кей жерлерінде көктайғақ болып, қатты жел тұрады, тағы бір өңірлерде бұрқасын болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар. Күндіз өңірдің кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе облысының бірқатар өңірлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал .

Алматы, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ