Қаңтардың 17-не арналған ауа райы болжамы

0
2

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан Республикасының солтүстік жартысына әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік-батыста және шығыста жауын-шашын мол көлемде жауады, кей өңірлерде қалың қар түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Фото: avesta-news.kz

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 17 қаңтар күні еліміздің оңтүстік жартысына жоғары қысым аймағы әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.

Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын, Павлодар облысының кей жерлерінде қатты бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде көктайғақ болады, Қостанай облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, кей жерлерінде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да жоғары болуы ықтимал. Өңірдің бірқатар аумақтарында бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ