Қайназар ауылындағы көшелерді орташа жөндеу аяқталды

0
69

Қайназар ауылының 7,95 км құрайтын 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 294,4 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев өз баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бойынша аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1903 км. Оның ішінде: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 331 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 581,6 км, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 79,0 км, ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы – 911,7 км.

Биылғы жылы жолдарды орта және ағымдағы жөндеуге 1 761,0 млн. теңге қаражат бөлініп, жалпы 52 көшеге 45,2 км орташа жөндеу, 30 мың кв.метрге ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңақұрылыс, Қайназар, Ұзынағаш елдімекендерінің көшелерін орта жөндеуге жалпы сомасы 976,9 млн. теңге бөлінген, атап айтсақ Ұзынағаш ауылының 9,63 км құрайтын 7 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 358,1 млн. теңге, Жаңақұрылыс ауылының 7,62 км  құрайтын 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 285,9 млн. теңге, Ұзынағаш ауылының 26 мың текше метр көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 71,3 млн. теңге, Қайназар ауылының 7,95 км құрайтын 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 294,4 млн. теңге бөлінді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ