Қайрат Келімбетов Петербург ХЭФ-қа қатысушыларды шілдеде Астанаға шақырды

0
8

Қайрат Келімбетов Петербург Халықаралық экономикалық форумына қатысушыларды шілде айының басында Астанаға шақырды, деп хабарлайды B News.kz.

Фото: Қайрат Келімбетов

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдеріне жаңа экожүйенің — АХҚО-ның мүмкіндіктерін зерттеуді ұсынды. Шетелдік инвестицияларды тікелей тарту — Қазақстанның экономикалық саясатының басымдықтарының бірі екенін атай отырып, Қазақстанның инвесторлар үшін тартымды ел болуына барлық жағдайлар жасалып жатқанын тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, жаңа заңнамалық және инвестициялық саясат жүргізілуде. Бірақ, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының құрылуының маңызы зор.

«Өршіл жоба Қазақстан Президентінің «Бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысы үш жыл бұрын айтқан идея іс жүзінде орындалды. 5 шілде күні жаңа қаржы орталығының ашылуына арналған Халықаралық конференция өткізіледі», — деді Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, бұл — ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген, тәуелсіз сот жүйесі мен өзіндік құзіреті бар жеке экожүйе.

«Шынтуайтында, бұл — Қытайдағы Гонконг секілді. Бір мемлекет, екі жүйе. Қазақстан да осы жолмен жүріп, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды көздейтін экожүйені құру жолына бағыт алды», — деген Қайрат Келімбетов қызығушылық танытқандардың бәрін Астанада 5 шілдеде өтетін АХҚО-ның ашылуына шақырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ