Қайрат Мәми: Конституциялық кеңестің шешімдері уақытылы және толық орындалуы керек

0
0
ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» ҚР Конституциялық кеңесінің жыл сайынғы жолдауын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
Фото ашық дереккөзден алынды

Өз сөзінде Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің шешімдері уақтылы орындалып отыру қажеттігін атап өтті.

«Жүйелі сөздің өтімі болады, жүйесіз сөздің кетімі болады» деген ата-бабамыздың дана сөзі бар. Конституциялық кеңестің шешімдері уақытылы және толық орындалуы керек екендігіне уәкілетті органдар басшыларының назарын аударамын. Кеңестің қорытынды тұстары дер кезінде орындау конституциялық заңдылық режимнің сақталуымен тікелей байланысты», — деді ол.

Оның айтуынша, талдау мәліметтеріне сәйкес, кейбір қолданыстағы заңнамалық актілерде бұрын конституцияға сәйкес емес деп танылған немесе оларға ұқсас нормалар, ал жаңадан қабылданған құқықтық нормаларда конституциялық кеңес бұрын анықтаған кемшіліктер әліде кездесіп тұрады. Осы орайда ол Әділет министрлігі арнайы заң жобасын жасап жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда Әділет миннистрлігі әкімшілік рәсімдік процес кодексі жобасын әзірлеуде. Конституциялық кеңес әкімшілік рәсімдер туралы заңның құқықтық реттеу нысанасын нақтылауға ұсыныс берді», — деді Қайрат Мәми.

Сонымен қатар ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Теміртау қалалық соты көтерген мәселеге тоқталды.

«Конституциялық кеңес Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерінен кету тәртібін реттейтін құқықтық актілердің осал тұстарын анықтаған болатын. Үкіметтің қаулысымен тиісті қағидаларға өзгерістер енгізілгеніне қарамастан біздің пайымдауымызша бұл мәселеге қатысты заңнамалық актілерді одан әрі жетілдіру бүгінгі таңда әлі өзектілігін сақтап отыр», — деп түйіндеді сөзін ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ