Қайта қосылған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота жеті балалы болуды армандайды

0
2

Елдің қызу талқысына түскен жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет енді көпбалалы отбасы болуды армандайды. Заңды некесін қидырған әртіс пен әнші қайта қосылғалы алғаш рет сұхбат берді деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Айдарқұлов пен Ақбота елдің сөзіне қарамастан, бақытты екендерін жасырмады.
«Негізі Дәурен үйленуге бұрыннан ұсыныс тастайтын. Мен еркелеп, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Ортақ баламыз болғандықтан, елге күлкі болмайық дедік. Ұлымыз күн санап өсіп келе жатыр. Төрт-бес балам болса деп армандаймын», — деді Ақбота.
Ал Дәурен Айдарқұлов жеті баланың әкесі болуды қалайтынын жасырмады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ