Қанат Ислам АҚШ-та емханаға түсіп қалды

0
4

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам АҚШ-та емханаға түсіп қалды. Бұл туралы «Профи Бокс Казахстана» атты Facebook парақшасында хабарланды деп жазады NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook

Спортшы аяғынан жарақат алып, емханаға жатқызылған.

23 маусым күні ол рингте жекпе-жекке шығуы тиіс болатын, алайда енді жекпе-жекті спортшының жағдайына байланысты кейінге қалдыруға тура келеді.

Қанат Исламның өзі жиын кезінде оқыс жағдайға тап болғанын алға тартты. Ол табынушылары жекпе-жекті тамашалай алмайтынына өкінішін білдірді. Дегенмен аяғы жазыла сала рингке қайтып оралуға уәде етуде.

Спортшы рингке шамамен екі айдан кейін оралатынын болжады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ