Қапшағай қаласында жаңа мешіт салынуда (фото)

0
19

Қапшағай қаласында жаңа мешіт салынуда. 2 қабаттан тұратын 600 орынға арналған алла үйін тұрғызуға «Аламан» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі демеушілік көрсетті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Ержан Нурпейсов

Мешіттің екінші қабаты әйел азаматтарының намаз оқуына лайықталған. Жалпы, қаладағы мешіт қапшағайлықтар үшін таршылық етеді. Мұнда келушілер қатары барған сайын артып келеді.

Олардың арасында әсересе, жастар саны көп. Сондықтан, мешітке сыймаған жамағат намазды далада оқуға мәжбүр. Сол себепті, қала басшысы Талғат Қанатұылы, жергілікті мешіттің бас имамы Алдажар Сейітұлы және кәсіпкер азаматтар ақылдаса келе өңірге жаңа мешіт салу жобаланады.

Енді заманауи үлгіде, ажарлы қасиетті орын тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, көпшілік игілігіне берілмек деп жоспарлануда.

Фото: Ержан Нурпейсов

Мұсылман қауымының құлшылық ету орнының кірпішін өз қолдарымен қалап, құрлысын көруге Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл арнайы келіп, қайырымды іске өз үлестерін қосса, аумақтың ақсақалдары көпшлікке өздерінің баталарын беріп, баршасына аманшылық тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ