Қапшағайда 10 жасар баланы құтқармақ болған екі адам суға кетті

0
4

Қапшағай су қоймасында 10 жасар баланы құтқаруға ұмтылған екі ересек мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысының Төтенше жағдайдар департаментіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні кешкі уақытта болған. Онда суға батып бара жатқан 10 жастағы баланы құтқаруға ұмтылған 24-тегі келіншек пен 37 жастағы ер адам да мерт болған.

«Үш адамның суға кеткені туралы хабар 20:10-да келіп түсті. Олар рұқсат берілмеген орында шомылған. Қараңғыда іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады және ТЖД жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері таңғы 5-те жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта үшеуінің де денесі табылды», — деп жауап берді облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Департамент өкілінің айтуынша, жыл басынан бері Алматы облысында 46 адам суға кеткен, оның 11-і — балалар.

«Суға кеткен 46 адамның барлығы дерлік рұқсат етілмеген жерде шомылған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті арнайы орындарда ғана шомылуды, мас күйде суға түспеуді және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды», — деді Азамат Жұртбаев.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ