Қарағанды облысында бес әлеуметтік бастаманы бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды

0
0

0арағанды облысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Қарағанды облысының ресми сайтынан алынды

Оның құрамына партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдарыдың және басқа да азаматтық қоғам институттарының өкілдері енді. Бұл республикамызда құрылған бірінші аймақтық қоғамдық ұйым.

Кеңестің бірінші отырысы бейсенбі, 24 мамырда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өтті.

— Осы жылдың ең маңызды шараларының бірі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Жолдауы болды. Әр бастама — біздің азаматтардың жағдайын жақсартуға жасалатын қадам, — деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. — Бұл құжат шыққан сәттен бастап Елбасы «Нұр Отан» партиясына осы әлеуметтік бастамалардың орындалуын бақылауды тапсырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент «Нұр Отан» партиясы Ассамблеяның қатысуымен әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасайтынын атап айтты».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ