Қарағанды облысында ер адамды пойыз басып кетті

0
0

Қарағанды облысында ер адам пойыз астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы ҚТЖ «Жүк тасымалының» баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Newtimes.kz 

Фото:  PressFoto

«2019 жылдың сегізінші қаңтарында Астана-Семей бағытындағы №312 пойыз машинисі Мойынты-Балқаш аумағында ер адамды басып кетпес үшін жедел тоқтату шарасын қолданған. Алайда, шағын арақашықтық салдарынан пойыз қозғалысын тежеу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға нәтижесінде ер адам қайтыс болған. Марқұмның кім екені әзірге анықталған жоқ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ