Қарағанды облысында немересі әжесінен 2 миллион теңге ұрлап алды

0
2
Әженің 18 жастағы немересі кінәсін мойындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NV.kz сайтына сілтеме жасап.
Фото: Baq.kz

26 маусымнан бастап Қарағанды аймағында «Ұрлық» жедел-профилактикалық шара өтіп, соның нәтижесінде ірі көлемдегі ұрлық анықталды.

«26 маусымда полиция қызметкерлеріне 67 жастағы зейнеткер шағымданған. Ол банк шотынан белгісіз біреу 2 миллион теңге көлемінде қаражатын ұрлап алғандығын айтты. Жедел шаралар нәтижесінде ірі көлемдегі қаражатын зейнеткердің 18 жастағы немересі ұрлағаны анықталды. Ол немересі кінәсін мойындады», — дейді облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ