Қарағандыдағы қонақ үйдің бірінде ер адамның мәйіті табылды

0
0

Қарағандыдағы қонақ үйлердің бірінде қасақана кісі өлімі болған. 32 жастағы азаматты белгісіз біреу тұншықтырып өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Lingvotutor.RU

Қонақ үй қызметкерлері ер адамның мәйітін бөлмесінен тауып алыпты.

Оқиға орнына тез арада полиция қызметкерлері шақырылған.

Криминалистер өлген адамның денесінен буындырудың ізін байқап, «Кісі өлтіру» бабының 1 тарауы 99 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыскерді анықтау мен ұстауға қатысты барлық іс-шаралар жүргізіліп, полицейлер ер адамды өлтірді деген күдіктіні қолға түсірген.

Ұсталған азамат — 39жастағы Қостанай облысының тұрғыны. Ол бірден өз кінәсін мойындап, жәбірлеушімен сөзге келмей тұншықтырып өлтіргенін айтқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ