Қарағандыда ауруханаға анасы тастап кеткен сәби қайтыс болды

0
1

Қарағандыда анасы ауруханада тастап кеткен бір жасар бала қайтыс болды. Кейін оны Сәбилер үйіне ауыстырады, ата-анасы оны жарты жылға қалдыруға бел байлайды. Бала туа біткен жүрек кемістігіне шалдыққан. Дәрігерлер соңғы сәтке дейін баланың өмірін арашалау үшін күрескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: ҚазАқпарат

«17 маусымда дәмкәс сәби қайтыс болды. Балалар ауруханасының дәрігерлері сәбиді құтқару үшін бар күштерін салды. Оларға «Шапағат» сәбилер үйінің дәрігерлері жәрдем берді. Алғашында-ақ болжам жақсы болған жоқ, бірақ дәрігерлер үміттерін үзбеді. Балаға күрделі диагноз қойылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске салайық, науқас сәбидің анасы оған қарай алмайтынын және үйінде екі кішкентай баласы бар екендігін айтып, ауруханада қалдырып кеткен. Анасы таяу уақытта ұлын үйіне алып кетуге уәде еткен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ