Қарағандыда аялдамада тұрған қызды көлік қағып кетті

0
2

Қарағандыда Audi маркалы көліктің 43 жастағы жүргізушісі автобус аялдамасын соғып, ағашқа тірелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Көрнекі сурет

Таразда күйік шалған баланың жағдайы жақсарып келеді — дәрігерлер «28 маусым күні таңертең Audi автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласы Волгодонская көшесінің бойындағы аялдаманы соқты. Оқиға салдарынан сол уақытта аялдамада тұрған 23 жастағы бойжеткен зардап шекті. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, дегенмен ауруханаға жатқызылған жоқ», — дейді облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, жүргізуші көлігіне ие бола алмай қалған.

Audi жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 6-бабы, 2-бөлігі (Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарын және өзге де дүниені бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ