Қарағандыда ірі жол апаты: 6 адам қаза тапты

0
1

Қарағанды облысының Қарағанды-Балқаш тас жолында ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Elana.kz

«Биылғы 10 тамызда «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Бектау ауылынан 10 шақырым жерде «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала жасалған болжам бойынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Nissan Juke» көлігіне соғылған. Екінші көлікті Алматы қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, «Nissan Juke»-тың жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында қаза тауып, «Nissan Juke»  көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — деді Қарағанды облысы ІІД.

Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ