Қаракестек ауылы балаларға арналған кеш өткізді (фото)

0
10

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарақастек ауылдық мәдениет үйінде «Балғын балалар — біздің болашағымыз» атты мерекелiк кеш өтті деп хабарлайды Қаракестек ауылдық округінің әкімдігіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Суреттер: Қаракестек ауылдық округі

Кеште ауылдық «Нұр Ай» балабақшасының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш мерекелік шараға облыстық мәслихат депутаты Молдахалыкова Доғдыркул Өмірқұлқызы мен аудандық мәслихат депутаты Базарбаева Динар Мұратбекқызы арнайы қатысып, жас бүлдіршіндерге арналған ыстық лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын тарту етті.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ