Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне басшы тағайындалды

0
14

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бахыт Сұлтановтың бұйрығымен Азамат Ахметов Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: www.minfin.gov.kz

44 жастағы Азамат Ахметов бұрын ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетін басқарған.

Азамат Қуатұлы экономикалық және заңгерлік мамандығы бойынша, 1996 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын «экономика және басқару» АӨК салаларында және 1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық заң факультеті университетінде білім алған.

А. Ахметов — ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік уомитеті, кеден органдарында және көлік бақылау саласында қызмет жасаған.

2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қызмет атқаруда. ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды.

Азамат Қуатұлы «Құрмет» ордені, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ