Қаскелеңдегі жарылыс: зардап шеккен екінші адам көз жұмды

0
1

Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыс салдарынан екінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: КЧС МВД РК

«Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды», — деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік , бүгін Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында газ ауа қоспасы жарылып, 7 адам жарақаттанғанын, бір баланың оқиға орнында жан тапсырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.





ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ