Қатерлі ісікті қарапайым аспиринмен емдеуге болатыны белгілі болды

0
4

АҚШ-тың Хантингтонындағы Норсвелл Хелс емханасының ғалымдары аспириннің кішкентай мөлшерін күнделікті қолдану жұмыртқа безінің қатерлі ісігін азайтатынын анықтады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Likar.info

Мамандар осындай шешімге 750 әйел адам қатысқан 13 зерттеудің нәтижесінде келген. Дәрігерлер емделушілердің аспиринді қандай мөлшерде қолданатынын байқапты.

Ғалымдар аспиринді қолдану жұмыртқа безінің қатерлі ісігімен ауру қаупін 10%-ға азайтатынын анықтаған.

«Аспиринді қолдану жұмыртқа безінің қатерлі ісігімен ауру қаупін біршама азайтуға көмектеседі, бірақ оны қолданбас бұрын бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізу керек», — деді Шелли Труорогер есімді дәрігер.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ