Қазақ қызының фотосуреті National Geographic байқауында бірінші орын алды

0
0

Монғолиялық қазақ қызының фотосуреті National Geographic Travel Photographer of the Year конкурсында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Алессандре Меникози

Бұл суреттің авторы Швейцария фотографы Алессандре Меникози. Фото 2018 жылдың басында Батыс Моңғолияда түсірілген. Фотосуретте кесемен шәй ішіп отырған Дәмелі есімді этникалық қазақ қызы бейнеленген.

«Қазақ мәдениетінде шәй қонақжайлылықтың ең маңызды айқындауышы. Бұл жәй сусын ғана емес, дәстүрдің, мәдениеттің, демалыс рәсімдердің, ләззаттың қоспасы. Дәмелі Батыс Моңғолиядағы суықтан жылыну үшін ауыр аң терісінен жасалған киіммен шәй ішіп отыр», — деп жазады фото авторы.

Бас жүлдені «Су перісі» атты фотосурет иесі жеңіп алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ