Назима: Қазақ болғаныма мақтанамын

0
8

ТНТ арнасындағы «Песни» шоуының финалисті және BlackStar лейблының қатысушысы қазақстандық Назима Жәнібекова Instagram парақшасында өзінің ұлтына, қызына және қазіқ тіліне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Назима қызымен бірге. Фото: Baq.kz

Әншінің жеке парақшасына жазылушылар оны «Қазақстан тумасы болғанына мақтана ма?», деп сұрақтың астына алған.

«Мен қазақ болғаныма мақтанамын және де менің сүйікті Отаным – Қазақстан», — деп жауап қайтарған Назима.

Сонымен қатар, бұл сұрақтың қысқаша бейнежауабында әнші өз парақшасына жүктеген. Онда ол қазақ тілінде жауап берген.

Бұдан басқа, жанкүйерлер оның аты шынайы есімі ме деп сұраған.

Бұл есімді маған әкем берді, Назым емес, Назима деп ат қойған. Назима – бұл менің шын есімім», — деп жазады ол.

Назима өз парақшасында қызы Амелияның атасымен түскен суретін жариялаған.

«Амелия ата-анаммен Қазақстанда. Оларда бәрі жақсы, жақын күндері бірге боламыз», — деп суреттің астына жазба қалдырған ол.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ