Қазақ спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

0
4

Қазақстандық спортшы Айдар Махметов АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Facebook/Махметов

«Мәскеуде АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болдым!!! Көптен күткен алтынға қол жеткіздім!», — деп жазды А.Махметов Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Ол 75 келіге дейінгі салмақ санатында қызылкүрең белдіктер арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) өнер көрсеткен.

«Үш айқас — үш жеңіс: ресейлік, армян және финалда ирандық. Сондай-ақ өзге санатта өнер көрсететін жолдасым Мұрат Бермұхамбетов қола жүлдегер болды. Мен ризамын. Аллаға мың да бір шүкір!», — деп жазды ол.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ