Қазақстан құрамасы Германияны 6:1 есебімен ойсырата жеңді (фото)

0
0

Отандық шоу бизнес өкілдері Мәскеуде өткен Art-Football 2018 атты әлем чемпионатына қатысты. Жарыста Қазақстан құрамасы Германияны және Түркияны жеңіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

13-орын үшін жартылай финалда қазақстандықтар немістерді 6:1 есебімен ойсырата жеңген. Ал түріктер 2:1 есебімен отандастарымыздан жеңіліс тапты.

Ойын Ресей астанасында екінші және үшінші маусым күндері өтті. Аталмыш чемпионат Мәскеуде осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Биыл жарысқа әлемнің 16 елінен өкілдер келген. Олардың арасында Аргентина, Перу, Италия, Сербия, Ұлыбритания, Белоруссия, Словения, Словакия, Корея, Түркия, Румыния, Германия, Парагвай, Жапония, Қазақстан және Ресей бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ