«Қазақстан Барысы»: Түркістандық балуан Ерсұлтан Мұзаппаровқа көлік мінгізді

0
1

Жуырда Астанада өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде Түркістан облысының намысын қорғаған Ерсұлтан Мұзаппаровқа филантроп, профессор Оралбек Ботбай темір тұлпар мінгізді деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Түркістандық балуан турнирге тұңғыш рет қатысқанына қарамастан, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Мұзаппаров жартылай финалға дейін жетіп, үшінші орын үшін айқаста шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа жол берген болатын.

«Ерсұлтан бауырымызға көлік сыйлап, ат мінгізгенім, ата дәстүрдің жалғасы. Сондықтан, мұндай балуандар қандай да болмасын сыйлыққа лайық. Арманым осы қазақ күресі Олимпиада ойындарына еніп, қарапайым ауыл балалары өз армандарына қол жеткізсе екен», — деді турнирге демеушілік жасаған Оралбек Қожамжарұлы балуанға көлік кілтін табыс еткен соң.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде өткен спорт сайысына еліміздің барлық өңірлері мен республикалық деңгейдегі қалалардан 37 балуан күш сынасты.

Ақтық сында Ержан Шынкеев (Қарағанды) пен Ерасыл Қажыбаев (Әскер барысы) белдесіп, қарағандылық балуан «Қазақстан Барысы» атанған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ