Қазақстан боксшылары Браденбург кубогында жеті алтын жеңіп алды

0
4

Франкфуртта бокстан жастар арасындағы «Браденбург Кубогы 2018» халықаралық турнирінде отандастарымыз  7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Фото: ҚазАқпарат

ҚР Бокс федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, алтын медальға 49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі) және Айбек Оралбай (+91) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған.

Ал күміс жүлдеге 69 келідегі Ермахан Жакпеков қол жеткізсе, қола медальға Нұрбек Оралбай ие болды. Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орынды иеленді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ