Атырау облысында тепловоз өртенді (фото)

0
3

Атырау облысында тепловоз рельстен шығып кетіп, өртенді, деп хабарлайды UZUN.KZ.

Фото: Әлеуметтік желі

Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Аталған мәселе бойынша Атырау облыстық ТЖД айтып берді.

«Оқыс оқиға  Индер ауданының Индербор кентінде болды. Төтенше жағдай бүгін шамамен сағат 03.30-да болған.Нәтижесінде тепловоздың төменгі бөлігі өртеніп кеткен. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 құтқарушысы мен 2  техника жұмылдырылды», — деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ