Қазақстандағы ең криминалды қала анықталды

0
4

 

Алматы еліміз бойынша ең криминалды қала атанды. Мұнда жыл басынан бері 33 мыңнан астам қылмыс тіркелген жеп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Kursiv.kz

Бас прокуратура тіпті, оңтүстік астанадағы ең қауіпті ауданды да анықтапты.

7604 заңбұзушылықпен мегаполистің қақ ортасындағы- Алмалы ауданы көш бастап тұр. Одан кейін тұрғындары тығыз шоғырланған Әуезов ауданы тұрса, жоғары оқу орындары шоғырланған Бостандық үштікке кіріп тұр.

Ал ең үлгілі аудан атағы жаңадан құрылған Наурызбай ауданы ие болып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша антирейтинг басында Алматыдан соң Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана қаласы кірген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ