Қазақстандағы президент сайлауының нақты уақыты хабарланды

0
5

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының нақты уақытын атады. Болашақ президентке дауыс беру 9 маусым күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

Дауыс беру 9маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00 мен 20:00 аралығында өтпек.

Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күн мерзім ішінде (11 маусымнан кешіктірмей) жеткізіледі.

Оған қоса, сайлау нәтижелерін анықтау және оны жария етумен қатар, сайланған президентті тіркеу үшін ОСК-ға жеті күн беріледі.

Айта кетейік, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының өтетінін хабарланған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ