Қазақстандағы жасыл трансформациялаудың жоспарлары ұсынылды

0
3

Санкт-Петербургте Петербург халықаралық экономикалық форумының қарсаңында «Дворец Конгрессов» Мемлекеттік кешен аумағында «Жасыл экономика» атты XII Халықаралық Форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Бас фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының» басшысы Рапиль Жошыбаев жаңа орталықтың қызметі аясында Қазақстандағы жасыл трансформациялаудың жоспарлары туралы баяндады.

Форумның пленарлық отырысында Ресей Федерациясының, алыс және жақын шетелдердің атқарушы және заңдық биліктерінің өкілдері, ауыл және орман шаруашылығын тұрақты дамыту, энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділік, ағынды суларды тазалау, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы перспективалық технологиялық шешімдерді инвестициялау, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтағы технологиялар мен материалдар, қалалық және ауылдық мекендерді абаттандыру бойынша баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, Форум барысында заманауи технологиялардың, тауарлар мен қызметтердің көрмесі ұйымдастырылды. Шараның қорытындысы бойынша инновациялық технологияларды енгізуге және қаралып отырған салаларды дамытуға бөгет болып тұрған мәселелер айқындалып, осы мәселелерді шешуге кешендік ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан жасыл технологиялар саласында Ресей Федерациясымен, атап айтқанда, Мәскеу энергертика институтымен белгілі бір уағдаластыққа ие. Осылайша, Қазақстан Үздік қолжетімді технологиялар бюросымен бірлесе жұмыс жасайтын болады. Жақын арада Жасыл технологиялар мен инвестициялық технологиялардың халықаралық орталығы ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша цифрлық форматта мәліметтер қоры мен тұрақты негізде жаңартылып тұратын жасыл технологиялар тізілімдемесін жасақтау жұмысын жүргізетін болады. Мәліметтер қоры өндірушілер туралы толық ақпараттан, жүргізілген зертханалық- сынақ жұмыстары мен басқа да сараптамалар туралы мәліметтерден тұрады. Бүкіл әлем бойынша серіктестермен мәліметтер мен өзара алмасу болашақта жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудың халықаралық талаптары жобаларына сәйкестілігін анықтайтын, донорлық қаржыландырудың құралдарын қолдану мақсатымен олардың потенциалы мен тиімділігін бағалайтын, және де бизнеске түрлі мемлекеттік жеңілдіктер мен преференцияларды алуға мүмкіндік беруді ұсынатын жобалар мен компаниялардың универсалды «жасыл рейтингісінің» көп сатылы жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстан делегациясының сапары Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың мамырдың 17-ші жұлдызында GLOBAL SUMMIT CHALLENGES XI Астаналық Экономикалық Форумының аясында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының таныстыру рәсімі өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ