Қазақстанда құрылыстағы бағалар 2,7 пайызға қымбаттады

0
4

Қазақстанда құрылыстағы бағалар осы жылдың шілде айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,7 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

Нақтырақ айтқанда, құрылыс-монтаждау жұмысындағы бағалар жыл басынан бері 2,8 пайызға, көліктер мен құрылғылар 2,23 пайызға, осы саладағы өзге де жұмыстар 2,8 пайызға қымбаттаған.

Құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, керек-жарақтар мен құрылымдар бағасының өсімі 0,4 пайызды құраған. Осы жылдың алты айында кесілген болаттардың бағасы 2,9 пайызға өссе, құмның бағасы 1,9 пайызға, гипсокартон мен электр құрылғылар 1,5 пайызға, гипс 1,1 пайызға, бояулар мен эмальдар 0,8 пайызға, битум 0,7 пайызға қымбаттаған.

Тауарлы бетонның бағасы 0,6 пайызға, қиыршық тас пен ағаш материалдар 0,3, кесілген терезелер 0,2 пайызға арзандаған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ