Қазақстанда 1 шілдеден бастап кімдердің жәрдемақысы өседі?

0
0

Қазақстанда 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалға жәрдемақы мен бала күнінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы мөлшері өспек деп хабарлайды Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 31 183 теңге көлеміндегі жәрдемақы алып отыр екен.

Ал 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрамақ. Аталған жәрдемақыға 95 мыңнан астам адам қол жеткізеді деп күтіліп отыр.

Сонымен бірге Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызмет таратқан хабарламада, корпорация бөлімдері мен еңбек комитетінің аймақтық департаменттері жәрдемақыны өсіру жұмысын автоматты түрде жүзеге асыратынын мәлімдеген.

Сол себепті, аталмыш жәрдемақыны алу үшін, азаматтар қосымша құжат тапсырмайды.

Еске салар жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр-Отан» партиясының XVIII съезінде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелепотырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға арттыру қажет деген тапсырма берген еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ