Қазақстанда 7-9 мамырда күн жылы болады

0
4

«Қазгидромет» РМК 2019 жылдың 7-9 мамырына арналған ауа райы мәліметін ұсынады.

Фото: glavred.info

«Алдағы үш тәулік бойы қазақстандықтар үшін ауа райы қолайлы болады. Антициклонның әсерінен мереке күндері жылы әрі бұлтсыз болады деп күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы + 22…28°С дейін жылиды, кей жерлерде +30…33°С. Оңтүстік шығыстағы жауын-шашын тоқтап, күн жылынады», — деп хабарлады «Қазгидромет».

Синоптиктердің болжауынша, батыс өңірлерде   өткінші жауын жауады деп күтіледі, бірақ мұнда да суық болмайды. Күндіз ауа температурасы + 20…25, кей жерлерде + 26…31°С.  



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ