Қазақстанда алғаш рет баламалы энергия көздері бойынша аукциондар өтті

0
2

Қазақстанда алғаш рет баламалы энергия көздері бойынша xалықаралық аукциондар өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Strategy2050.kz

ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетовтың айтуынша, бірінші аукциондарға отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты.

«Күні кеше ғана баламалы энергия көздері бойынша көктемгі аукциондар аяқталды. 10 аукционның 8-і сәтті өтті. Сауда-саттыққа отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. Барлығы — 42 компания. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Болгария, Түркия мен Қытайдың өкілдері бар. Біз алғаш рет xалықаралық сауда-саттықты электронды форматта өткіздік. Қытысушылар 960 МВт энергияны өндіруге дайын екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш алғашқы жоспардан төрт есеге артық болып тұр», — деді М.Дсомұxамбетов бүгін баламалы энергия көздерін дамытуға арналған саммитте.

Оның айтуынша, инвесторлар тарапынан Қазақстанда баламалы энергия нысандарын салуға деген қызығушылық жоғары болғаннан кейін аталған қуат көздерінің тарифтері төмендеді.

«Мәселен, жел электр стансыларының тарифтері 20 процентке, шағын су электр стансыларының тарифтері 23 процентке, ал күн электр стансыларының тарифтері 25 процентке түсті. Қазірдің өзінде 19 компания баламалы энергия көздерін сатып алушы бірыңғай компаниямен келісімшартқа отырып, 194 МВт энергияны өндіруге дайын. Бүгінде күзгі аукциондарға дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған аукциондар қазан айында ұйымдастырылады», — деп атап көрсетті М.Досмұxамбетов.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ