Қазақстанда ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам түрмеден босатылмақ

0
3
 Жуырда қазақстандықтар «Әліби ісінің» басты фигуранты Қайрат Жамалиевтің бостандыққа шығуына куә болды. 13 жылға сотталған кәсіпкер жазасын үш жылдың ішінде өтеп тастады. Бұл еліміздегі қылмыстық саясатты ізгілендірудің бір көрінісі деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған UZYN.KZ.

 

Фото: Exclusive.kz
Еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қазақстанда ауыр қылмыс жасаған 5 мың адамның түрмеден босатылатыны туралы айтқан болатын. Алайда бұл амнистия емес. Қылмысын өтеушілердің жазасы жауапкершілікке тарту мерзіміне көп уақыт болғандықтан, тек 5 жылға қысқарады.

Қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында қолданысқа беріліп отырған тиісті заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер санатына зорлау, ұрлық, тонау, денсаулыққа қасақана зиян тигізу және т.б. қылмыстарды жасағандар кіреді. Алайда жазасы жеңілдейтіндердің сотталу мерзімі 12 жылдан аспауы тиіс.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ