Қазақстанда бүгін құбылмалы ауа райы сақталады

0
4
Бүгін атмосфералық фронттальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды Baq.kz.
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейеді — 15-20 м/с, найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай болады.

Қызылорда, Түркістан, кей жерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ