Қазақстанда блокбекеттер қашан алынатыны белгілі болды

0
4

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер қашан алынатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Фото: kapital.kz

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы блокбекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қайта бастау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі тиісті жұмыс алгоритмі бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, енді маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізілуі тиіс, ал жолаушыларға тек маскамен кіруге рұқсат беріледі», — деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әкімдіктер тасымалдау процесіне қатысушылардың алгоритмді сақтауын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ