Қазақстанда ішек сырқатын зерттеудің жаңа әдісі енгізілді

0
4

Қазақстанда Президенттік клиника алғашқы болып- бейнеэнтероскопия — жаңа инновациялық диагностикалық зерттеуді енгізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ашық дереккөзде

Бейнеэнтероскопия диагностикалық тәсілдердің дамуында төңкеріс жасады және жіңішке ішектің сырқатын диагностикалауды жақсартты. Ол биопсия жасауға, жаңа өспелерді алып тастауға, қанағымды тоқтатуға, сонымен қатар жіңішке ішектің терең қатпарларының шырышты қабатының жағдайын байқауға мүмкіндік береді.

«Энтероскопия диагностикалауға, ем алу және қаралу мақсатында ұсынылады. Диагностика мақсаты: ішек ішінде қанағымға, жіңішке ішекте ісікке күдік болғанда, жіңішке ішекті рентгенологиялық тексеру барысында жіңішке ішекте патологиялық өзгерістерді анықтау кезінде, гистологиялық тексерулер (биопсия) жасау. Емдеу мақсаты: жіңішке ішек ішіндегі қан ағуын тоқтату, жаңадан пайда болған өспелерді жою, ішектен бөтен денелерді алып шығу, жіңішке ішектің құрылымында баллондық дилатация жүргізу. Байқау мақсаты: жіңішке ішектің полиптермен жаралануында клиникалық синдром байқалғанда, ішектің жағдайын бағалау, атап айтқанда, Крон ауруына шалдыққанда, энтеропатияда консервативті емнің тиімділігін бақылау», — дейді мамандар.

Айта кетейік, ұзақ жылдар бойы асқазан-ішек жолдары аумағындағы жіңішке ішекті эндоскопиялық зерттеу қиынға соқты. Жіңішке ішектің қабынуы, аутоиммундық және неопластикалық зақымдануы, ішек ішінде қан кетуі хирургтармен гастроэнтерологтарға күрделі мәселе болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ