Қазақстанда тіркелген көліктер саны 13,4% өсті

0
6

Қазақстанда 2018 жылдың бес айының қорытындысы бойынша былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көлік құралдары 13,4% көп тіркелген, деп хабарлайды ҚазАвтоӨнеркәсіп мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Көрнекі сурет

Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындар одағының хабарламасында көрсетілгендей, есептік кезеңде әкімшілік полиция органдары 501 652 көлік құралын есепке қойған.

Бұл былтырғы осы кезеңнен 13,4% артық. Оның ішінде 472 367-сі көлік илерінің ауысуына байланысты қайта тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,3% жоғары (420 447). Бірінші рет тіркелген көлік құралдарының саны -29 285. Бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 32,6% көп.

Автомобиль нарығындағы мәмілелер динамикасы бұрынғыша отандық парктің ескіріп жатқандығын көрсетуде. Екінші нарықта қайта сатылған шығарылғанынан 20 жылдан астам уақыт өткен көліктердің үлесі 2017 жылдың қаңтар-мамырында 35,8% 39,4% өскен.

Ал, 1-3 жыл аралығындағы көліктердің саны 7,5% 3,2% дейін қысқарған. Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-мамырында қайта тіркелген көліктердің ең көп үлесі Алматы (73 100) және Оңтүстік Қазақстан облыстарына (69 754), Алматы қаласына (57 615) тиесілі. Ал, жаңа көліктердің көп саны Алматы (1 503, 20,3%), Астана (1 124, 15,2%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (693, 9,4%) тіркелген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ