Қазақстанда жаңа көліктің бағасы  өсті

0
5

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, жаңа көліктің орташа құны 3,3 пайыз өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «ҚазАвтоПром» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Алты айдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар 214,3 млрд теңгеге 25 989 жеңіл көлік сатып алған. Жеңіл көліктің орташа бағасы 8 179 150 теңге болды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті.

Бірінші жартыжылдық қорытындысына сәйкес, сатып алушылардың үштен бірінен көп бөлігі 5 миллионнан қымбат болмайтын көлік сатып алған.

Сатып алушылардың 15,6 пайызы 7-10 миллион теңге аралығындағы көліктерді сатып алған. Олардың үлесі 0,12 пайыз ғана артқан.

Қолжетімді 10 көліктің ішіне кіретіндер: Ravon Nexia (2,75 млн теңге), Ravon R2 (2,78 млн теңге), Lada Kalina (2,93 млн теңге), Lada 4×4 (3,1 млн теңге), Ravon R4 (3,25 млн теңге), Renault Logan (3,55 млн теңге), Lada 4×4 Pickup (3,65 млн теңге), Ravon Gentra (3,73 млн теңге) и Chevrolet Niva (3,99 млн теңге).

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ