Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

0
0

Қазақстанда жаңа мереке — Абай күні бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Фото:24.kz

«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ