Қазақстандық әйел Түркия әуежайында жадынан айырылып қалды

0
1

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдің Стамбул әуежайында жадынан айырылып, көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат тарады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталмыш мәліметті тексеріп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Домашний очаг журналы

Желі қолданушылардың сөзіне сүйенсек, жадынан айырылған Светлана Чернышова Стамбулдан Бішкекке ұшуы тиіс болған екен.

«Отбасыммен бірге 11 маусымда сағат 9:00 кезінде Түркия әуежайынан көрдім, мінез-құлқы бір түрлі болды, бірдеңе ұшыраған сияқты, жартылай жадынан айырылған. Ұшағы 1:00-де ұшып кеткен екен, жүгі де сонда кетті», — деп жазады куәгер.

Куәгердің айтуынша, әйел адамды әуежайдан жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Ал Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған.

«Стамбулдың билік өкілдері тұлғаның қалада екенін растады. Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған. Әйелдің Қазақстан азаматы екеніне көз жеткізуі тиіс», — деп мәлімет берді Сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі аталмыш тұлға 12 маусым күні Түркиядан кетіп қалғанын анықтаған. Қазіргі таңда СІМ оқиғаның мән-жайын анықтап, әйелдің нақты қай жерде екеніне көз жеткізбекші.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ