Қазақстандық оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды: министрлік жауап берді

0
34

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы брифинг барысында қазақстандық оқушылар екінші тоқсанда қалай оқитынын айтып берді, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: КТК арнасынан алынды

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы уақыттағы деректерге сәйкес, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулықтары әлі де өзгеріссіз қалып отыр. Демек, оқушылар қашықтан оқуды жалғастырады.  

Дегенмен, 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда білім ала алады. Сонымен бірге, 180 орындық мектептердегі оффлайн оқу да жалғаса бермек. 

Бұған дейін мектеп оқушылары арасындағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 250-ге жеткені белгілі болған. Айта кетерлік жайт, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны бір аптаның ішінде 1,2 есеге артқан екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ