Қазақстандық опера әншісі Еуропа мен АҚШ-қа турнеге шақырту алды

0
3

Осы аптада Венадағы атақты Барокко залында қазақстандық опера әншісі Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті. Классикалық музыканың астанасы саналатын қалада 27 жастағы сопраноның өнерін тамашалауға келген халыққа зал лық толды, деп жазады Massaget.kz .

Фото: Massaget.kz

Венадағы концерткеәлемнің түкпір-түкпірінен келген өнесүйер қауыммен бірге көптеген танымал әртістер, музыканттар мендипломаттар қатысты. Қонақтардың арасында опералық әнші Марчелла Черно, Вена балының директоры Элизабет Смагин-Меллони, Франциядағы Қазақстанның бұрынғы елшісі Берлин Иришев болды.

«Әр келген қонаққа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қатты толқып тұрмын, концерттік бағдарламаны жоғары деңгейде орындап шығуға барынша тырыстым. Веналық Ратуш залында, оның үстіне әлемдегі ең танымал Fazioli роялінің сүйемеледеуімен өнер көрсету мен үшін үлкен жауапкершілік», — деп Айгүл өз әсерімен бөлісті.

Концерт барысында қазақ қызышвейцариялық Элизабет Сиси Малермен қосылып дуэт құрды. Элизабет «Карнеги Холл»,«Vienna Konzerthaus» сынды әлемдік сахналарда өнер көрсеткен танымал опера әншісі. Қос таланттың жарасымды дуэті бүгінде кәсіби мамандардың қызығушылығын тудырғаны анық.

Концерт бағдарламасында Россини, Беллини, Доницетти, Верди, Шарпантье сынды композиторлардың шығармалары орындалды. Опера саласындағы сарапшы мамандардың айтуынша, Айгүл секілді бай репертуарды жинап, оны орындауға әлемдегі санаулы әншілердің ғана шамасы жетеді.

Венада өткен концерттен кейін Айгүлге дәл осы бағдарламамен Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка бойынша турне жасауға ұсыныс түсті. Сонымен қатар әнші осы жылдың маусым айында Венада өтетін Гала концерттің шымылдығын ашпақ.

Ал оған дейін, 21 сәуір күні Айгүл Шамшиденова Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Opera La regata-да қазақстандық контр-тенор Батыржан Смаковпен бірге өнер көрсетеді. Айгүл Шамшиденова Талдықорған қаласында дүниеге келген.Жәния Әубәкірова атындағы колледжден музыкалық білім алып, кейін Вена консерваториясын тәмамдаған.

Бүгінгі таңда ол аталмыш консерваторияда магистрлік білім алумен қатар, Mahler филармониясының жетекші солисі болып қызмет атқарады. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ