Қазақстандық пойыздарда «билетсіз» жүру бағасы белгілі болды

0
2

Ақмола облысын тексеру барысында «билетсіз» жүру айлалары әшкереленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Baq.kz

Аймақтық МҚІСЖҚІ департаментінен хабарлағандай, «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметіне мониторинг шілденің 17 мен 20 аралығында «жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілді. Жалпы, Қызылорда – Көкшетау, Аламаты – Петропавл, Қызылорда – Петропавл бағыттарына тексеріс жүргізілді.

«Сонымен, мониторинг барысында аталған бағыттар бойынша 6 (билетсіз жүру) заңбұзушылық тіркелді. Бұдан басқа, делдал көмекшілердің барлығы анықталды. Оның үстіне жол серіктері мен делдалдар керек жерге дейін еш қиындықсыз жеткізуге кепілдеме береді. Бұл негізгі бағыттар бойынша олардың қолдан билет тапшылығын жасап отырғанын көрсетеді. Билеті жоқ адамның пойызбен жетуі оның баратын жеріне, алатын орнына, жалпы жайлы орынның болуына қарай 2 000 теңгеден басталып 15 000 теңгеге дейін жетеді», — делінген департаменттің хабарламасында.

Атап өтсек, заңсыз пойызда жүру құны билеттің өз бағасынан 20-дан 50 пайызға дейін қымбат болып келеді. Нәтижесінде, бұл саладағы бұзушылықтардың бір жолға қойылғаны белгілі болды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ