Қазақстандық жас боксшының жойқын нокауты үздік ондыққа енді

0
4

Канадалық TVA Sports телеарнасының сайты 2018 жылы Квебек провинциясында жұдырықтасқан боксшылардың ең үздік он нокаутын ұсынды, деп хабарлады Sports.kz.

Фото: BNews.kz

Рейтингтің тоғызыншы орнын 20 жастағы қазақстандық   Садриддин Ахмедов иеленді, ол 24 қаңтарда Римускидегі бокс кешінде мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы нокаутқа жіберген болатын.

«20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы екінші раундта нокаутқа жіберді. «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының қамқорлығындағы бұл боксшының болашағы жарқын және 2019 жылы да бізді таңғалдыруы мүмкін», — деп жазылған мақалада.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ